Ескерткіш тақта 1978-жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конференциясы өткен Республика сарайының қабырғасына орнатылды.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Йонг Вук Ли, Алматы әкімі Виктор Храпунов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы мен БҰҰ Балалар қорының өкілдері мен ғалымдар қатысты.