Ал үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павловтың ақпаратына жүгінсек, қазіргі таңда мемлекеттік комиссияға 7502 үйдің 449-ы тапсырылған жоқ, соның ішінде 50 үйді күрделі жөндеу, 400-ге жуық үйдің құрылысын салу жұмыстары аяқталмай отыр.
А.Павлов нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының айрықша қарқынды жүргізіліп жатқанын, жұмыс ауқымының үлкендігін атап көрсетті. «Жұмыстар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуда»,- деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. «Бір нысанды қалпына келтіру жұмысына 20 мыңнан астам құрылысшы жұмылдырылғандықтан, жалпы ауданды қалпына келтіру — еліміз тарихында «бұрын-соңды болмаған» қауырт құбылыс болды»,- деп атап көрсетті.
А.Павловтың айтуынша, республикалық, аймақтық және ұлттық компаниялардың бюджетін қоса есептегенде, зілзаладан зардап шеккен ауданды қалпына келтіруге бағытталған жалпы біріккен бюджет 15,2 млрд. теңгені құрайды.