Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төрағасының ТМД денсаулық сақтау министрлерімен кездесуі өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 491.29
  • 562.92
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төрағасының ТМД денсаулық сақтау министрлерімен кездесуі өткізілуде

Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төрағасының ТМД денсаулық сақтау министрлерімен кездесуі өткізілуде

Бүгін, 23-қазанда Алматы декларациясының 25-жылдығына арналған Қазақстан терапевтерінің 6-құрылтайы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Йонг Вук Лидің ТМД денсаулық сақтау министрлерімен кездесуі өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қазан 2003
  • 519
Фото - Caravan.kz

Кездесуге ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, РФ денсаулық сақтау министрі, ТМД Атқару комитетінің өкілі Юрий Шевченко, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан денсаулық сақтау министрлері, Грузия, Молдова, Украина және Тәжікстан республикаларының медициналық мекемелерінің өкілдері қатысты .

Кездесуге қатысушылар Достастыққа мүше елдердің денсаулық сақтау жүйелері арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, оларды әлемдік медицинаға интеграциялау, сондай-ақ, олардың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аясындағы іс-қызметін пәрмендендіру мәселелерін талқылайды.