ЮНИСЕФ өкілінің пікірінше, аталған аймақтағы нәрестелер өліміне қатысты ресми мәліметтер, басқа көздерден алынған ақпараттан төменірек болып шығуда. Бұл бұрынғы КСРО аумағында қолданылған критерийлердің өзгешелігіне байланысты болса керек. Осындай статистикалық есептің әдістемесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан бекітілген әлемдік стандарттан мүлдем өзгеше.
К.Гаутамның айтуынша, бұл мәселені шешуде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ТМД елдеріне қолғабыс жасауға дайын.