22-қазанда Павлодардағы «Қазақстан» қонақүйінде ресейлік және қазақстандық полицейлердің бірлескен операциясы аясында 20-25 жас аралығындағы екі есірткі тасымалдаушы ұсталды. Олардың бірі Ресей азаматы болса, екіншісі Павлодар тұрғыны. Ұсталғандардан 500 грамм немесе 10 мың доза героин тәркіленді. Мұндай есірткі көлемі Павлодарда 5 мың долларға бағаланса, Омбыда 15-20 мың долларға жетеді.