«Аталмыш қордың қаржысы еліміздің дамуы тежелген аймақтарындағы шағын бизнес нысандарын несиелендіру мақсатына бөлінеді»,- деді Қ.Келімбетов. «Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес тек Астана мен Алматыда ғана емес, сонымен бірге, облыс орталықтары мен еліміздің шалғай аудандарында да шоғырлауы тиіс»,- деді министр.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, жалпы алғанда алдағы екі жылда қордың жарғылық қорын арттыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.