Қазақстанда Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды

Қазақстанда Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды

Қазақстанда Тәуелсіздік күні енді бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.

  • 30 Қыркүйек 2022
  • 63
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы жаңартылған заң жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарияланған құжатқа сәйкес, енді Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда бір күн ғана тойланады (бұрынғы редакцияда – 16-17 желтоқсан).

Сондай-ақ, 25 қазанда мемлекеттік мереке – Республика күні атап өтіледі.

"Осыған байланысты мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыны толықтыру ұсынылады, онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған", — делінген заң жобасында.

Осылайша, 22 қазан, сенбі жұмыс күні болып, Республика күні қазақстандықтар 3 күн демалады: 23, 24 және 25 қазан.


Сондай-ақ, Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Сәйкесінше, 1 желтоқсанда қазақстандықтар жұмыс істейді.