Кәсіпкерлер заң жобаларының жасалу барысына атсалысуы тиіс, сонда ғана олар заң шығару процессі қалай жүзеге асырылатынынан хабардар болады,- деді президент. «Бизнес мемлекеттің мүддесін де ескеруі тиіс»,- деп атап көрсеткен Елбасы өз сөзін одан әрі былай деп сабақтады : «әртүрлі сын айтып мін тағудан, байбалам салудан нақты іске ден қоятын мерзім жетті». «Сіздер үздіксіз тексерулерден көз ашпаймыз деп шағым айтасыздар, бірақ қазір бұрынғыдай ауқымды тексерулер тыйылған жоқ па!»,- деп мәлімдеді Елбасы.
«Қазір шетелдік капитал иелері Қазақстан экономикасына қаржы жұмсауға әзірлік танытып отыр,- деді Н.Назарбаев,- бірақ бізде бұл тұрғыда ойдағыдай ұсыныс болмай тұр «. «Бір-бірімізді сынап-мінеуден гөрі нақты іске көшейік»,- деп қорытты кәсіпкерлерге арнаған өз сөзін Н.Назарбаев .