"Жүке, мыналардың бәрі ауру. Жынды ғой бұлар": Бекболат Тілеуханның халық жайлы айтқан пікірі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жүке, мыналардың бәрі ауру. Жынды ғой бұлар": Бекболат Тілеуханның халық жайлы айтқан пікірі белгілі болды

"Жүке, мыналардың бәрі ауру. Жынды ғой бұлар": Бекболат Тілеуханның халық жайлы айтқан пікірі белгілі болды

Айтыс кезінде Бекболат Тілеуханның халық туралы пікірі белгілі болды. Жүлделі орын алған Балғынбек Имашқа 40 мың доллар тағайындалғанымен, 12 мың долларын ғана алған. 

  • 5 Қазан 2022
  • 1615
Фото - Caravan.kz

Дәурен Берікқажыұлының жазған естелігін Серік Абас-Шахтың фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"2013 жылғы өзім куәгер болған бір оқиға есіме түсіп отыр. Сол жылы үш биімізге арналған "Сүйер ұлың болса, сен сүй" атты айтыс ұйымдастырылды (Алматыда). Исламбек Салжанов атты меценат жігіт құрған "Алтын Қыран" қайырымдылық қорында жұмыс істейтіндіктен айтысқа сол қордың өкілі есебінде бардым.

Даудың бәрі Ринатқа қатысты шықты. Қазылар алқасы Ринатқа жоғары бал бермей, зал шулап кетті. Ашу-ызаға булыққан халық сахнаға судың бөтелкесін лақтыра бастағанда, "дипломат" Жүкең жиналған халықтың аптығын басу үшін (әдетінше) қазыларды үзіліске шығара қойды. Зал шу-шу етеді.

Біз бір оңаша бөлмеге жайылған дастархан жақтамыз. Бірді-екілі ағам халықтың реакциясын көру үшін есіктен сығалап та қояды. Асаналі ағам шок алып қалған ба, Жүрсін "Асеке, қазір сіз шығасыз сахнаға. Халық сізді сыйлайды" деп жөпелдемете жөнеліп еді, "жо-жо-жоқты" айтып ақсақалымыз шоршып түсті. Әңгіменің ұзын-ырғасы — "мына халықты қайтып басамыз? Не істеген жөн?" (мен адам санатында емес, "кошелёк" есебіндемін). Осы жерде әңгімеге Бекболат килігіп: "Жүке, мыналардың (көрермендер) бәрі ауру, осылардың да айтқанына көну керек пе? Жынды ғой бұлар. Бұдан кейін милиция әкеп қой, айтыс ұйымдастыратын болсаң" деп аптықты. Бұл менің "тәк-тәкпен" айтып отырғаным, ол жердегі эмоцияның қандай болғаны айтпаса да түсінікті. Әрине, Жанарбек бар, Серік Жанболат, Нұртөре Жүсіптер бар, әркім әр тарапқа тартып жатты. Сондағы жөн сөзді (халықты ашуландырмай шешкен дұрыс деген ұсынысты) дәл осы Мұхамеджан айтқан еді. Мен сол күні құрдасыма қаншалықты риза болсам, өзім өнері мен шешендігіне тәнті боп жүрген Бекболатқа соншалықты кейіп едім. Кейін (мұның бәрі) жай әншейін бір маневр болғанын түсіндім. Мұхамеджанның бетпердесі (енді) ашылды. Жалпы бұларда халық деген түсінік жоқ. Ел алдында басқаша, оңашада басқаша сайрайды бәрі. Шешен сөйлейді екем деп, білетін-білмейтін саланың бәріне пәтуа бере береді…

Ал, ол айтыста халықтың ашу-ызасын басу үшін Жүрсін ағамның қандай "дежурный" сөз айтып, бас жүлде алған Балғынбекке (мецанат) Салжанов тағайындаған 40 мың доллардың 12 мыңын ғана ұстатқаны өз алдына бөлек әңгіме", деп жазылған.


"Айтыс — Жүрсіннің жеке бизнесі деп жүр ғой айтыскер ақындар", "Жүрсін де долларовый миллионер болғаны ғой олай болса…", "Осылай-осылай шындық ашыла береді. Сонда 40000 доллардың 12000 доллары ақынға берілсе, қалғаны кімге… Жүрсіннің бірнеше вилласы да осыдан шығып қалар", деп жазды оқырмандар.