Ақтөбеде үшем дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Ақтөбеде үшем дүниеге келді


Ақтөбе перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде.

  • 6 Қазан 2022
  • 37
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің мәліметінше, бұл бір жылда облыстық перинаталдық орталықта туған екінші үшем.

Салмағы 2060,0 г, 1930,0 г, 2260,0 г тартатын қыз балалар жүктіліктің 32 аптасында операция арқылы мерзімінен бұрын дүниеге келген.

"Ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақты, жақын арада сәбилер салмақ қосады, көпбалалы ана күш-қуатын қалпына келтіреді", — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Бірден үш адаммен толыққан отбасы енді көпбалалы отбасы мәртебесін алады, себебі үшемді үйде тағы үш бала күтіп отыр.


Дәрігерлер ана мен сәбилерге зор денсаулық тіледі.