Қабылданған келісімдер халықаралық көлік қатынасы саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталумен бірге жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдау және үшінші елдер арқылы транзитті жүзеге асыру тәртіптерін айқындайды.
Парламент сенатының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің заң жобаларына берген түсініктемесінде атап көрсетілгеніндей, келісімдерді жүзеге асыруда халықаралық автокөлік байланысы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған құқықтық базаны құру көзделді.
Заңдар Елбасының қол қоюына жіберілді.