Агенттік ақпаратына сәйкес, Жібек жолы- Жетісай автожолының 42-шақырымында «Тойота-Камри» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-21093» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «ВАЗ-21093» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 20-25 жастар шамасындағы аты-жөні анықталмаған жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, «Тойота-Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.