Мамандардың айтуынша, сырқаттардың басым бөлігін Мұғалжар, Темір және Қобда аудандарында тұратын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
Дейтұрғанмен, облыстық тазалық-індет станциясындағылардың айтуынша, бруцеллез дертіне шалдығу көртсеткіші біртіндеп төмендей түсті. 2002-жылы ауру жұқтырған 64 адам тіркелген болатын.
Бруцеллез созылмалы сипатқа көшетін жұқпалы дерт. Адамдар әдетте оны ауру малдың бағым-күтімімен айналысқан кезде, немесе ауырған малдың ет немесе сүтін пайдаланған кезде жұқтырады.
2003-жылдың үш тоқсанында мал дәрігерлік қызмет 6 мың басты ұсақ малға тексеру жүргізіп, нәтижесінде бруцеллезбен ауыратын 18 малды анықтады. Ал 11702 ірі қара малдың 2 проценті ауру болып шықты.