Алматы облысында алғашқы қар жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында алғашқы қар жауды

Алматы облысында алғашқы қар жауды

Алматы облысындағы Кеген - Нарынқол республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы жүргізушілерге "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі ескертті.

  • 10 Қазан 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бүл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін, 10 қазанда "Кеген-Нарынқол" республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды.

Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді", — делінген хабарламада.


Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін "ҚазАвтоЖол" call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.