Қытай аумағында бір күнде 3 рет жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай аумағында бір күнде 3 рет жер сілкінді

Қытай аумағында бір күнде 3 рет жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 11 қазан күні Алматы уақытымен сағат 06:10-да жер сілкінісін тіркеді.

  • 11 Қазан 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 331 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.5. MVP магнитудасы — 4.3. Бағыты — 42.07° с.е. 80.64° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге 11 қазан күні 8 сағат 7 минутта және 8 сағат 35 минутта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 346 шақырым жерде Қытай аумағында тағы да екі рет жер сілкінді.


MPV магнитудасы – 4,1 және 4,0.