Отырыстарда Еуразия аймағындағы мұрағат ісін дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде. Сондай-ақ, ЕВРАЗИКА ұйымының 2004-жылға арналған жұмыс жоспары, Қазақстан Елордасы Астанада өткен мұрағат қызметтері басшыларының бұған дейінгі кеңесі хаттамасының орындалуы, ТМД-ға қатысушы елдердің мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесі туралы ережелердің жобасы қабылданып, басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланады деп күтілуде.
ЕВРАЗИКА отырысы мен Консультативтік кеңеске Достастыққа мүше елдердің мемлекеттік мұрағат қызметтерінің басшылары қатысады.