Павлодарда кезекте тұрғандарға арналған баспананы сатқан мемлекеттік қызметкер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда кезекте тұрғандарға арналған баспананы сатқан мемлекеттік қызметкер сотталды

Павлодарда кезекте тұрғандарға арналған баспананы сатқан мемлекеттік қызметкер сотталды

Павлодарда қалалық қаржы бөлімінің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.

  • 12 Қазан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz


Әйел сыбайластарымен бірге кезекте тұрғандарға арналған екі пәтер мен жатақханадағы бір бөлмені сатып, 18 миллион теңге табысқа кенелген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, 36 жастағы әйел қаржы бөлімінің тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру секторының бас маманы қызметін атқара жүріп, бос пәтерлерді тауып, жалған жекешелендіру келісім-шарттарын жасап, оларды ресми түрде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқығы бар үміткерлерге ресімдеген.