Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда Әселді жақын туыстары бұл ойынан бас тартуға үгіттепті.
“Көпірден секіріп не қан тамырымды кесіп, көлік астына түсіп не дәрі жұтып өлгім келді. Бірақ жақындарым бұлай жасасам тозаққа түсетінімді айтты. Мен шошып кеттім. Сөйтіп, ол ойымнан айнып қалдым”, — деп жазды Әсел Асқар желідегі парақшасында.
Әсел Асқардың ұлынан туа біткен патология табылып, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.