Оған Орталық Азия және Кавказдың арғы бетіндегі елдердің ғылым және білім беру саласының өкілдері, сондай-ақ, АҚШ, Батыс Еуропа және Түркиялық сарапшылар қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне білім беру желісі ұйымынан хабарлады.
Бас қосуға қатысушылар аймақтағы ғылым және білім беру саласының компьютерлік желілерінің қазіргі ахуалы, тауқыметтері мен болашағы туралы талқылайды. Бас қосуды ұйымдастырушылардың пікірінше, қазіргі ғылым мен технология жетістіктері дүниежүзілік ақпараттық ресурстарға жаппай қол жеткізуге жағдай жасады . Осыған байланысты ғылым және білім беру саласының ұлттық компьютерлік желісін құрып дамытудың өзектілігі артып отыр. Соның нәтижесінде ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен оқушы жасөспірімдер зерттеулерді бірлесе жүзеге асырып, ғылыми тың идеялары мен білімдерін өзара еркін алмаса алады. Сондай-ақ, конференцияда ТМД елдерінің ұлттық ғылыми және білім беру саласындағы компьютерлік желілерін өзара біріктіру жолдары, оларды жалпыдүниежүзілік компьютерлік білім беру желісіне интеграциялау мәселелері талқыланбақшы.
Конференцияға қатысушылар Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымының Ғылыми Кеңесінің «Желідегі жібек жолы» атты халықаралық жобасына атсалысады. Бұл жоба Орталық Азия және Закавказье елдерінің ғылым және білім беру саласын қолдауға бағытталған.