Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны танымал кір жуғыш ұнтақтардың көшірмесін қолдан жасап сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны танымал кір жуғыш ұнтақтардың көшірмесін қолдан жасап сатқан

Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны танымал кір жуғыш ұнтақтардың көшірмесін қолдан жасап сатқан

Шымкентте 50 жастағы ер адам өз үйінде шеберхана ашып, әйгілі брендтердің өнімдерін қолдан жасаған. Іскер кәсіпкер қаладағы танымал базарлардың бірінде жалған тұрмыстық тауарларды – Ariel, Mif, Tide көшірме ұнтақтарын саудалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

  • 13 Қазан 2022
  • 93
Фото - Caravan.kz


Әділет департаментінің мәліметінше, ер адамның шеберханасынан таразы, темір дәнекерлеу жабдықтары және 8 мыңнан астам бос пакет табылып, тәркіленген.

"Сот қаулысына сәйкес, Әділет департаменті және Экономикалық тергеу басқармасының сот орындаушыларымен бірлесіп, Ariel, Mif, Tide көшірме ұнтақтары, 1,5 мыңға жуық дайын контрафактілік өнімдер, 8 мың бос пакет және 51 дана арзан ұнтақ, Barf және Push сияқты тұрмыстық тауарлар жойылды. Шымкент қаласы Қаратау ауданының 50 жастағы тұрғыны бұл жалған ұнтақтарды "Акбар" базарында сатып тұрған. Сот отырысында ол кінәлі деп танылып, өзі де кінәсін толық мойындады”, – деді Шымкент қалалық Әділет басқармасының басшысы Мейрам Мұхтаров.