"Барыс" өз алаңында "Амурды" жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барыс" өз алаңында "Амурды" жеңді

"Барыс" өз алаңында "Амурды" жеңді

Өз алаңындағы үшінші кездесуде "Барыс" "Амурдан" басым түсті.

  • 16 Қазан 2022
  • 47
Фото - Caravan.kz

Алаң иелерінің жаттықтырушылар штабы өткен ойыннан кейін тек бір ғана құрамға өзгеріс енгізді. Қорғаныс шебіне Михаил Григорьевпен бірге Самат Данияр шықты.

Есеп сегізінші минутта ашылды. Никита Михайлис маусымдағы алғашқы голын соқты. Павел Махановский таблодағы сандарды теңестірді. Бір қызығы, барлық кезеңде қонақтар нысанаға үш рет қана соққы бағыттады.

Екінші жиырма минут астаналықтардың басымдығымен өтті. "Барыс" жылдамдығын арттырып, 72 секундта қарсыластарын үш рет қапы қалдырды. Есеп — 5:1.