Қазақстаннан кейбір ағаш түрлерін әкетуге тыйым салынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан кейбір ағаш түрлерін әкетуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстаннан кейбір ағаш түрлерін әкетуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан аумағынан отын ретінде пайдаланылатын кейбір ағаш түрлерін әкеуге тыйым салынуы мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің бұйрығында жазылған.

  • 17 Қазан 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан аумағынан тауар коды 4401 (отын ретінде пайдаланылатын бөренелер), 4403 (отын ретінде пайдаланылатын өңделмеген ағаштар), 4404 (өңделмеген ағаш қадалар мен бағаналар), 4406 (теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш бөренелер) және 4407 (қалыңдығы 6 мм асатын арамен кесілген немесе сындырылған ағаштар) болатын ағаш материалдарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын», — делінген құжатта.

Бұйрыққа сәйкес, аталған ағаш түрлерінің ел аумағынан тыс жерлерге әкетуге салынатын тыйым шараларын Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы қамтамасыз етуі тиіс.