Агенттік ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың қазанында тұтыну бағаларының индексі 2002-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2%-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына — 3,5%, азық-түлік емес тауарларға — 5,4%, ақылы қызметтерге — 4,3% өсті. 2003 жылдың қазанында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағалары 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,8% өсті.
2003 жылдың қазанында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 644,1 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 8,3%-ды құрады, соның ішінде жұмыспен қамту мекемелерінде қазанның аяғында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны — 153,4 мың адам болды, экономикалық белсенді халық санындағы олардың үлесі — 1,9%.