Елдің батысындағы Балқан өңіріндегі бірнеше ата-аналар жергілікті әскери комиссариаттан жаңа бұйрықты орындау үшін ескерту хаттары мен қоқан-лоққылар алғанын айтты.
Каспий жағалауындағы Түркіменбашы портының тұрғынының айтуынша, үйіне полицейлер келіп, егер ұлы өз еркімен оралмаса, құзырлы органдар оны оқитын елінен депортациялайтынын айтып, қорқытқан. Әйелге полиция қызметкерлері ұлының жоғары оқу орны дипломын армандамасын деп айтқан.
Басылым Түркіменстанда мүмкіндігі бар отбасылар ұлдарын әскери қызметтен босату үшін қомақты пара беретінін атап өтеді. Түркіменстан әскері әлімжеттік пен өте нашар жағдай көрсетумен танымал.
Студенттер арасынан әскерге шақырылушыларды қабылдау жұмыстары күзгі әскерге шақыру маусымына түседі. Әскерге шақыру науқандары кезінде әуежайларды және мектептерді аралап, әскер жасындағы ер адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіледі.