Ішкі істер министрі "ескерту" жазасын "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрі "ескерту" жазасын "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыруды ұсынды

Ішкі істер министрі "ескерту" жазасын "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыруды ұсынды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ескерту жазасын қоғамдық жұмыстарға алмастыруды ұсынды

  • 18 Қазан 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Конституцияның жаңа өзгерістеріне сәйкес қоғамдық жұмыстарды сот қаулысымен де тағайындауға рұқсат етілгенін еске салды.

"Сол себепті "ескерту" сияқты жазаны "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыруды ұсынамыз. Бұл құқықбұзушы үшін заңды бұзбауға жеткілікті мотивация болады деп санаймыз", — деді Ахметжанов үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қазір әділет министрлігі қоғамдық жұмыстарды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтап жатыр. Ал әкімдер қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін анықтап, жұмыс орындарын дайындауы қажет.

Тиісті бақылауды ішкі істер министрлігі жүргізеді. Сондай-ақ ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындар үшін психо-түзету курстарын енгізуді жоспарлап отыр.


Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар бойынша жазаны қатаңдату көзделген. Қайталанған құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік қамауға алу мерзімін 20-дан 25 тәулікке дейін ұзарту ұсынылды.