Қазақстан қор биржасының күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 470,13 теңгені құрап, нақты 2,62 теңгеге түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратлы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық банкінің 19 қазандағы ресми бағамы бір доллар үшін 472,88 теңгеге тең.
Kurs.kz сайтының деректері бойынша, бүгінде Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 471 теңгеге, ал сату – 475,5 теңгеге тең. Астанада АҚШ валютасын айырбастау пунктері орта есеппен 470 теңгеден сатып алып, 474,55 теңгеден сатып жатыр.