"Апалармен бір сағаттық интимдік қатынас құны 20 мың теңге": 23 жасар жігіт 45 жастағы әйелмен кездесуге келісті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Апалармен бір сағаттық интимдік қатынас құны 20 мың теңге": 23 жасар жігіт 45 жастағы әйелмен кездесуге келісті (ВИДЕО)

"Апалармен бір сағаттық интимдік қатынас құны 20 мың теңге": 23 жасар жігіт 45 жастағы әйелмен кездесуге келісті (ВИДЕО)

Жігіттердің де интимдік қызмет көрсететіні және оның құны қанша екені белгілі болды.

  • 20 Қазан 2022
  • 11602
Фото - Caravan.kz

Еуразия бірінші арнасының "Айна" сараптамалық бағдарламасының тілшісі Ақбөпе Тәңірберген арнайы тәжірибе жасап көрді,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Ол хабарландыру бойынша ақылы қызмет көрсететін бірнеше жігітке хабарласты. Нәтижесі жаға ұстатады. 

Мәселен 29 жастағы алғашқы жігіт 50 жастағы әйелмен көңіл көтеруге оп-оңай келісті.  

Ақылы интимдік қатынас құны сағатына 20 мың теңге. Ебін тапсаңыз, 17 мың теңгеге келісуге болады деді  тағы бір жезөкше жігіт. Теларна тілшілері жыныстық қызмет көрсететін жігіттермен жүзбе жүз жолығып та көрді. Әрине арадағы әңгіме жасырын түсірілген.   

"Тәтемнің жасы 45-те. Сізде олай үлкендермен қатынас бола бере ма? Жасыңыз қаншада, дейді журналист. 

Жасым 23-те. Келісе беремін. Сағаты 20 мың теңге. Бір сағаттан асатын болса, ақшасын тағы төлейсіздер, деді жеңіл жүрісті еркек.  

"Оқу бітірдім, әскерден келгенмін. Жағдай сондай болып тұр", деп қосты ол. 


Сондай-ақ көшеде тағы бір жігіт ақылы қызмет көрсетуге келіседі. Үлкен әйелдермен жыныстық қатынастың тек классикалық түріне келіісемін деген ол тәжірибесінің бар екенін айтады.

"Жігіттердің де жезөкшелікке салынып, жыныстық қатынас арқылы ақша тауып жүргендері қандай жиіркенішті", "Адам әбден азып тозды ғой, не деген сұмдық",  "Сана бер, сана бермесең ала бер"," Сындыру керек, өздері жоғалады сонда", деп жазды оқырмандар.