Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады — Мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады — Мемлекет басшысы

Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады — Мемлекет басшысы

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

  • 22 Қазан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жақында мен «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер – тірлік үшін» деп айттым. Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады.

Тіл, ұлтаралық қатынас – ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар. Сондықтан, мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды.


Осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес»,—деп түйіндеді басшы.