"Айлық жалақысы қанша теңге": Айнұр Көпбасарова зәулім сарайын 400 миллион теңгеге сатылымға шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айлық жалақысы қанша теңге": Айнұр Көпбасарова зәулім сарайын 400 миллион теңгеге сатылымға шығарды

"Айлық жалақысы қанша теңге": Айнұр Көпбасарова зәулім сарайын 400 миллион теңгеге сатылымға шығарды

Түркістан облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова Астанадағы зәулім сарайын 400 миллион теңгеге сатылымға шығарды. 

  • 26 Қазан 2022
  • 934
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы инстаграмдағы bridgetv_qazaqstan шоу бизнес аккаунтында жарияланды деп жазды, Caravan.kz медиа порталы.

"Түркістан облыстық музыкалық драма театрының бұрынғы директоры, қазіргі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова Астанадағы зәулім сарайын 400 миллион теңгеге бағалады. 

400 миллион теңгеге Түркістаннан 10, тіпті одан да көп пәтер сатып алуға болады. Ішіндегі жиhаздар да өте қымбат. Орынбор тұрғын үй кешенінде орналасқан.  

Бұл қаржыны қайдан алған? Айлық жалақысы қанша теңге? 

Әлде, облыстың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев өнеріне тәнті болып, пәтерді сыйға тартты ма екен", делінген видеода. 


"Үкіметтен ұрланған ақша ғой", "Сөз жоқ. Ақiа басып шығаратын зауыты бар шығар", "Осы үйді қалай алды", деп жазды оқырмандар.