Өнер адамдары қоғамдық көлікте сөзге келген, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
— Ешкім ақшамды бермейді. Менің идеямды алмай қашып кеттіңдер. Сауап сендерге сауап, дейді ашуға мінген әнші. "Негізі Жұлдызайдың киносына түсіп бере салайын дегенмін ғой", деп видеоға түсіріп тұрған адамға да шүйлікті.
"Еспанов Еспанов деген сайын, әлдеқандай болып нервыма тиіп. Түспесеңіз түспей-ақ қойыңызшы", деді актриса.
Айта кетейік, бұл жай түсірілім кезінде жасалған пранк болуы әбден мүмкін. Желіде бірге жүрген тағы да видеолары бар.
"Елді ақымақ санай ма осылар", "Мінезі нашар екен сұмдық", "Қашан тоқтайды осы пранк", деп жазды оқырмандар.