Мухоряповқа қатысты сот сараптамасы тағайындалды – Әсет Шындалиев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мухоряповқа қатысты сот сараптамасы тағайындалды – Әсет Шындалиев

Мухоряповқа қатысты сот сараптамасы тағайындалды – Әсет Шындалиев

Кәсіпкер ресейліктерге қазақ тіліне қатысты ойын айтып, қазақ тілінде жауап беруді  мәдениетсіздік деп санайтынын айтқан болатын. 

  • 27 Қазан 2022
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мухоряповтың қазақ тілін қорлаған әрекетіне байланысты сот қандай шешім шығаратын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Taulik.kz-ке сілтеме жасап. 

«Менің хабарым бойынша, Алматының ішкі істер департаменті осы іс бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру аясында арнайы сот сараптамасы тағайындалды. Сол сараптаманың қорытындысы бойынша шешім қабылданады», – деді Әсет Шындалиев.

Прокурордың орынбасары жеке тұлға ретінде Мухоряповтың әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіруден бас тартты.