Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлалйды
Бұл іс бойынша полицейлер 9 адамды ұстады, деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.
Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 3 адамды қамауға алған болатын. Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.
Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Зорлықпен өлтіру белгілері бар екі адамның мәйіті Ақтөбедегі Елек өзені жағасында орналасқан "Оазис" монша кешенінің қарсы бетінен табылды.