“Балалармен жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесеміз” - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Балалармен жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесеміз” - Ләйлә Сұлтанқызы

“Балалармен жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесеміз” - Ләйлә Сұлтанқызы

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балаларымен жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесетінін айтты.

  • 28 Қазан 2022
  • 168
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Момский әңгіме" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Біз жауапкершілікті әкесі екеуі ашық және бөліп алғанбыз. Бұл дұрыс екен. Балаларды садикке өзім апарып келу, сабақтарын қарау қалыпты жағдай деп қабылдайтынмын. Барлық мамалар солай жасап жүр, мен де мамамын ғой деп. Уақыт өте келе, балалар ер жеткен сайын мен айта алмайтын тақырыптар бар. Мен айта да алмаймын, мен оны түсіндіре де алмаймын. Мен оны қанша кітаптан оқысам да, қанша дәрігермен сөйлессем де немесе урологпен сөйлессем де мен айта алмайтын жайттар бар. “Таңертеңгі жағдайда мынадай болады” деген нәрсені маған айту қиын.  Әкесі екеуміз келісіп “мен мына нәрсені айта алмаймын. Сен оны қалай жетізесің, қалай сөзін табасың, қалай көзін табасың оны өзің шешесің” деп сөйлесіп, келістік. Баламен сөйлесу, сырласу деген ол ақыл үйрету емес”, — деді Ләйлә Сұлтанқызы.