Мәскеу орталығында үшқабатты үй өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу орталығында үшқабатты үй өртенді

Мәскеу орталығында үшқабатты үй өртенді

Мәскеу орталығында 200 шаршы метр аумақтағы үшқабатты үй өртеніп кетті.

  • 30 Қазан 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей ТЖМ Бас басқармасы мәліметінше, өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.24-те (Астана уақыты бойынша 19.24-те) белгілі болған.

"Өртсөндірушілер келген кезде 3-қабаттың терезелерінен үй өртеніп жатқаны байқалған. Ғимарат үшқабатты, кірпіштен қаланған, ескі ғимарат. Өрт ауданы 200 шаршы метр болады", — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек өрт сөндірілген. Өртсөндіруге 100 адам және 29 техника жұмылдырылған.