Газ қоры рекордтық деңгейге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газ қоры рекордтық деңгейге жетті

Газ қоры рекордтық деңгейге жетті

Газ қоймалары шекті деңгейге дейін толтырылған. Ондағы газ көлемі тарихи максимумға жетті.

  • 1 Қараша 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Германиядағы газ қоры рекордтық деңгейге жетті. Еуропалық газ сақтау операторлары жариялаған мәліметтерге сәйкес, 24 қазанда 239,64 тераватт-сағат көлемі жинақталды және осылайша 2019 жылдың 10 қарашасындағы алдыңғы рекордтан асып түсті, ол кезде 239,62 ТВт. сағ тіркелген болатын.

«Өткен аптаның дүйсенбісінен бастап Германияда газ қоры рекордтық деңгейде», — деді INES (Initiative Energien Speichern) салалық бірлестігінің атқарушы директоры Себастьян Блешке (Sebastian Bleschke).

Содан бері бұл көрсеткіш, 29 қазандағы алдын ала мәліметтерге сәйкес, 241,62 ТВт. сағ дейін өсті.


Салыстырмалы түрде, Федералды желілік агенттіктің мәліметі бойынша, Германияда 2022 жылдың қаңтары мен ақпанында барлығы 227 тераватт-сағатқа жуық табиғи газ тұтынылған.