Депутаттың айтуынша, бюджеттен үнемделетін қаржы көлемі 24 млрд. теңгені құрайды.
В.Макаликиннің пайымдауынша, 2004-жылғы бюджетті қалыптастыру барысында ҚР Ата заңында көрсетілген медициналық көмектің кепілді көлемін тегін алу жөніндегі нормасы тағы да орындалмай қалатын түрі бар. Осыған байланысты ҚР үкімет басшысының атына жолдаған ауызша депутаттық сауалында В.Макалкин биылғы бюджеттен үнемделген қаржыны толық көлемде әлеуметтік бағдарламаларды орындауға, соның ішінде кепілді медициналық көмекке бағыттауды ұсынды.