"Менің кім екенімді білмейді екенсің". Жол апатына түскен жігіт шенді-шекпенділердің құрбаны болғанын айтып, билікке шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Менің кім екенімді білмейді екенсің". Жол апатына түскен жігіт шенді-шекпенділердің құрбаны болғанын айтып, билікке шағымданды

"Менің кім екенімді білмейді екенсің". Жол апатына түскен жігіт шенді-шекпенділердің құрбаны болғанын айтып, билікке шағымданды

Жол көлік оқиғасына байланысты соттан жеңілген азамат Президенттен көмек сұрады.

  • 2 Қараша 2022
  • 99
Фото - Caravan.kz

Нұрболат Әбілханұлы инстаграм желісінде жариялаған видеосында 6 қазан күні өткен сотта Астана қаласының аудандық сотының  төрағасы Ибрашев Мейрамбек Шамауұлы жазатайым оқиғаға өзін кінәлі деп танып, үкім шығарғанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz.

Енді Нұрболат Әбілханұлы «Апелляциялық сотта да жеңіліп қалдым. 10 минут ішінде әңгімені созбай, істі ашып та қарамай, сен кінәлісің деп тарс еткізді», — деп араша сұрап отыр.

«Оқиға былай болды: 19 тамызда Иссык Семен Александрович Сарайшық көшесімен BMW X5 автокөлігімен келе жатып, солға бұрылуға заңмен қатаң тыйым салынған жерден солға бұрылып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан менің автокөлігімді соғып тастады. Бірден кінәсін мойындап «барлық шығыныңды өтеп беремін» деді. Бірақ оның ұсынған ақшасы аз екенін түсіндіргенімде «ендеше, өз обалың өзіңе! Сен менің кім екенімді білмейді екенсің. Әлі соңымнан талай жыл жүгіресің» деп нақты кесіп айтты. Біз қарапайым халық қашанғы осы бай-манаптардың құрбаны боламыз?» — дейді Нұрболат Әбілханұлы.

Осы ретте, Иссык Семен Александровичтің кім екеніне тоқтала өтейік. Иссык Семен Александрович – заң ғылымдарының магистрі, IUS  Халықаралық арбитраж Арбитры, Корольдік Арбитрлар институтының мүшесі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тәртіптік Арбитраждар кеңесі орталығының Арбитры әрі мүшесі.

Айта өтейік, Нұрболат Әбілханұлы оқиға туралы бұған дейін де желіде жазған. Иссык Семен Александрович «ГАИ шақыра бер» дегеннен кейін, ГАИ қызметкерлерін шақыртқанын, олардың  келіп, алғашында «Біз оны шпагатқа отырғызамыз алаңдамаңыз» деп алып Семен Александровичпен сөйлесіп келгеннен соң өзгеріп шыға келгенін айтқан. Осылайша «Бұл оқиғаға  мені кінәлі қылып жіберді» деген.


«Барлық дәлел құжаттар қолымда бар. Бірақ осы іске қатысты Семен Александрович 6 айға жүргізуші куәлігінен айырғанын судья іске қоспай қойды. Осыған байланысты ІІМ, Бас прокуратура, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздерден оқиға орнына келген инспектор мен үкім шығарған судьяның іс-әрекеттерінің ақ-қарасын ашып берулеріңізді сұраймын», — дейді Нұрболат Әбілханұлы