Жол апаты «Калинин көшесі» атты аялдаманың маңында таңертеңгі сағат 9 жарым шамасында болып, қалалық бағыттарда жолаушы тасымалдайтын «МАН» және «ЛАЗ» автобустары соқтығысып қалды.
Павлодар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сәйкес, автобустардың бірі аялдамада тоқтау үшін маневр жасап жатқан кезде көктайғақ салдарынан жол апаты болған.
Жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі Павлодар қалалық орталығының мәліметтері бойынша, зардап шеккен ересектер облыстық ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Олардың үшеуі омыртқа жарақатымен және миы шайқалып ауруханаға жатқызылған. Ал 12 жасар бала миы шайқалып, облыстық балалар ауруханасына түсті.