"Жүз пайыз қарсымын!": Тіл жанашыры "қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық бермеу" туралы заң жобасына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жүз пайыз қарсымын!": Тіл жанашыры "қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық бермеу" туралы заң жобасына қарсы шықты

"Жүз пайыз қарсымын!": Тіл жанашыры "қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық бермеу" туралы заң жобасына қарсы шықты

Белгілі тіл жанашыры Аятжан Ахметжанұлы "мемлекеттік тілді білмейтіндерге азаматтық бермеу" туралы дайындалып жатқан өзгерістерге қарсы екенін айтты. 

  • 8 Қараша 2022
  • 3211
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды  Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

"Мына ақпаратқа ел “керемет, құтты болсын, дұрыс шешім”,-деп шулап жатыр екен.

Шыны керек, жүрегім ауырып кетті. Егер ұлты қазақ болса да, бұл талап енетін болса, онда 100% қарсымын. Неге?

Себебі бүгінгі Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркияда жүрген, Еуропа, Америкада жүрген қазақтардың 90% -ының баласы қазақ тілін білмейді. Қазақша дәл осы жазуда (біреуі төте, біреуі латын қарпінде) жаза алмайды.

Сонда ол балалардың атажұртының азаматтық ала алмауында кінәсі неде? Олар туған жерде қазақ мектебі жоқ, қазақ тілдік орта жоқ. Сол себепті үйрене алмады.

Шыны керек, бәріміз де осы жазуды елге келіп үйрендік. Жылда қаншама елге келген балаларға қазақша үйретіп, қазақ мектебіне кіргізіп жатырмыз. Себебі олар — еліне келіп жатқан қазақ баласы.

Ертең оларға да азаматтық деген арманға кедергі болатын бір тармақ қосылмады ма?


Ұлты қазақ емес адам қазақ тілін білсе де, азаматтық берілмеуі керек. Ал ұлты қазақтарға шектеу салмай, елге келіп, қазақ тілін үйренуіне мүмкіндік берілуі керек.

Шетелдегі қазақтардың балалары үшін жүрегім ауырады.

Тіл жанашыры болсам да, дәл осы шешімге қарсымын",- деп жазды Аятжан Ахметжанұлы