"Үйленуге дайынмын". Олжас Еспановтың кітабына арқау болған ару жайлы эксклюзив - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үйленуге дайынмын". Олжас Еспановтың кітабына арқау болған ару жайлы эксклюзив

"Үйленуге дайынмын". Олжас Еспановтың кітабына арқау болған ару жайлы эксклюзив

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов өзінің «Ол – жас махаббат» кітабын жазып, аяқтағанын желіде хабарлап жүрген еді. Кітап жазуына не түрткі болғанын сұрап білдік.

  • 24 Қараша 2022
  • 408
Фото - Caravan.kz

Олжас Еспанов Caravan.kz тілшісіне жеке өміріне қатысты ақпараттарымен де бөлісті.

«Кітаптың ішінде өз басымнан өткен махаббат хикаям туралы жазылды. Сол қызбен бірге өткізген қызықты сәттерді кітапқа жазып өттім. Бұл туралы әлі еш жерде айтпағанмын. Эксклюзив болайын деп тұр.

Жалпы кітапта қазір актуалды болып жатқан тақырыптарды қозғадым. Қазақстанда ажырасу күн өткен сайын көбейіп жатыр. Отбасы құрғанына 1 ай, тіпті, 1 апта болғаннан кейін ажырасып кететіндер бар. Осының себебіне үңіле келе, жан-жақтан ақпарат іздеп жүріп, кітабымды жазып шықтым», — дейді ол.

Айта өтейік, Олжастың өзі әлі отбасын құрмаған. Тіпті, қазір сүйіктісі жоғын айтты. Дегенімен, «жақсы жар жолығып жатса, үйленуге дайынмын» деп отыр.

Ал, қыздарға былай деп кеңесін берді:

«18 жаста тұрмыс құрған қыздардың 80%-ы ажырасып жатады. Себебі, 18 жастағы қыздың әлі ой-өрісі толық қалыптаспаған. Махаббаттың отына көздері жалындап тұрған кезде тұрмысқа шығып кетеді. Ал, 21 жас оқу оқитын кезең. 21 жасында тұрмысқа шыққан қыздар да көбіне ажырасып кетіп жатады. Мен мұның барлығын статистикаға сүйеніп айтып отырмын. Оқуы мен махаббатты қатар алып жүру де қиын дүние. 23-25 жас аралығы қыз баласына тұрмыс құру үшін ең қолайлы жас. Өйткені, 23 жасында оқуын бітіреді. Жұмыс істеп, өзін қамтамасыз ете алатын болады. Осы жас аралығында аналық инстинкт оянады», — дейді.


Сонымен қатар, кітабына арқау болған ару туралы да айтты: «Кітапта айтылған махаббат хикаясын баянсыз махаббат деуге келмейтін шығар. Бірақ, соңы happy end болмағаны рас. Тағдырыма жазылған қыз емес шығар. Бірақ, соның өзінде біздің бірге өткізген күндеріміз ерекше күндер болғандықтан қағаз бетіне түсірейін дедім. Менің жасаған қателіктерім болды. Оны оқып отырып түсінген адам өзіне түртіп алар».

Жуырда тұсауы кесілетін кітапқа қатысты сын-пікірлер туындап та үлгеріпті.

«Ондай пікірлер айтылып жатыр. Айтылуы да керек. «Өзің отбасын құрмай жатып не кеңес бересің?» дейтіндер табылады. Хейт бола берсін. Оның өзі маркетинг, PR емес пе?! Маған пайдасы тимесе, зияны жоқ», — дейді Олжас Еспанов.