Елбасы Әзербайжан президентіне оның әкесі, Әзербайжан республикасының бұрынғы президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Әзербайжан президентіне оның әкесі, Әзербайжан республикасының бұрынғы президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

Елбасы Әзербайжан президентіне оның әкесі, Әзербайжан республикасының бұрынғы президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 13-желтоқсанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке әкесі Гейдар Әлиевтің, Әзербайжан республикасының бұрынғы президенті, әрі танымал саяси қайраткердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 853
Фото - Caravan.kz

«Әзербайжан халқы ауыр қазаға ұшырады. Қазақстан халқы сіздердің бұл қайғыларыңызды бөліседі. Ұлы саяси қайраткер, өткір ақыл иесі әрі сүйкімділігімен басқаны өзіне тарта білген қадірлі адам өмірден озды. Гейдар Әлиевич Әзербайжан Республикасы үшін, ТМД-ны одан әрі ілгерілету үшін, Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы сан ғасырлық достықты нығайту үшін көп еңбек сіңірді»,- делінген жеделхатта.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 13-желтоқсанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұрынғы ел президенті Гейдар Әлиевтің қайтыс болуына байланысты жеті күндік қаралы күн жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Жұма күні АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласы ауруханасында қайтыс болған Гейдар Әлиевтің мүрдесі 14-желтоқсан, жексенбіде Бакуге жеткізіледі. Ал бұрынғы президент дүйсенбі күні Әзербайжан астанасындағы құрметті адамдардың бейіттері орналасқан Аллеяда жерленеді деп күтілуде.
Г.Әлиев 6-тамызда күрделі жүрек ақауы және бүйрек ауруы деген диагнозбен Кливленд клиникасына жатқызылған болатын. Г.Әлиев жұма күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-да (Мәскеу уақытымен сағат 18-де) көз жұмды. Ол 80 жаста болатын.