Солтүстік Қазақстандықтардың фестивальде өнер көрсету шарасына Үндістандағы Қазақстан елшілігі мен Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі бірлесе қолдау көрсетті. Өкілдер құрамына «Әдемі-ау» атты би ұжымы мен облыстық филармонияның әртістері қамтылды. Солтүстік Қазақстандық әртістер Үндістанның төрт қаласында концерт берумен бірге Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай Үндістандағы Қазақстан елшілігінде қабылдауда болды.
А.Балмұхановтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігі шығармашылық айырбас жұмыстарын одан әрі жалғасыра бермек ниетте. Ендігі кезекте Үндістанның шығармашылық ұжымдарының Солтүстік Қазақстанға жауап сапармен келу мүмкіндігі зор.