"Әпербақан полицияға газет-кітап оқуды заңмен міндеттеу керек": Тоқтар Жақаш полиция қызметкерлерін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Әпербақан полицияға газет-кітап оқуды заңмен міндеттеу керек": Тоқтар Жақаш полиция қызметкерлерін сынға алды

"Әпербақан полицияға газет-кітап оқуды заңмен міндеттеу керек": Тоқтар Жақаш полиция қызметкерлерін сынға алды

Журналист Тоқтар Жақаш "Бізді зорлап газетке жаздыртады" деген полицейлердің өзін қатаң сынға алды.

  • 13 Желтоқсан 2022
  • 357
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кешеден бері Айгүл Орынбек Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы "стукач-полицейлердің" "жан айқайын" жариялап жатыр. Ал мен ішімнен "сауап бопты" деп, айызым қанып отыр. Неге? Өйткені, сол мекемелерде өз құқығын білетін сауатты, білімді маман болса, қорлық көрсеткен бастығының қолына әлдеқашан кісен салып, қамап тастамай ма? Соған да милары жетпей ме? Өз құқығын қорғай алмаған полиция кімді қорғамақ?!
"Бізді зорлап газетке жаздыртады" депті. Дұрыс! Дәл біздің "шаш ал" десе бас алатын әпербақан полицияға газет-кітап оқуды заңмен міндеттеу керек! Өйткені, олардың арасында көзі ашық, сауаты толық адам бірен-саран ғана. Баяғыда, советтік армия тұсында орысша білсін-білмесін, бүкіл ротаны таңғы астан кейін түскі 12-ге дейін Ленин бөлмесіне қамап, идеологиялық әдебиеттер оқуға мәжбүрлейтін. Бұларды да сөйту керек! Сонда, көшеде жол тәртібін бұзған жүргізушіні аңдымайтын, заңды сәл қиыс басқан адамды бопсаламайтын нағыз полиция өсіп шығар еді!
Арызданушы "жылауық полицияның" саны бастығынан көп емес пе? Әншейінде көшеге өз құқығын қорғап шыққан кемпір-шалға қоқаңдап, күш көрсетуге шебер еді ғой! Кешегі қаңтарда қаншама жазықсыз жастардың өліміне, отбасының ойран болуына, өмір бойы мүгедек болып қалуына осындай сауатсыз, топас, жылауық полицияның "еңбегі сіңген" жоқ па? Сол оқиғада мыңдаған жүрек мұз боп сіресіп қатып қалды. Мияулаған бес-алты полиция ендігі жерде халықтың көңілін жібіте алмасы хақ. Сондықтан, тергеп-тексеру ісі жүргізілетін болса, басшысымен қосып, арыз жазған, шағымданған полиция қызметкерлері түгел орнын босатуы керек!
Жалпы, біздегі сот, прокуратура, полиция саласына люстрация жасамаса да реформа жасайтын уақыт әлдеқашан жетті! Біз заңдарды шын мәнінде сыйлайтын сотты, прокурорды, полицияны көргіміз келеді! Әйтпесе, қара халықтың көзінен қара қан ағызып жүріп, осы жүйені құрып берген де сол полиция ғой! Өздері құрған жүйенің "дәмін" енді өздері де татып көрсін!
Пысы: Полицияға соншама чмо-ны қайдан жинап алған десейші?!", — деп жазды Тоқтар Жақаш.