"Құшақтасып жатып фильм көріп, бірге уақыт өткізгіміз келеді" - Жәния Джуринская - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құшақтасып жатып фильм көріп, бірге уақыт өткізгіміз келеді" - Жәния Джуринская

"Құшақтасып жатып фильм көріп, бірге уақыт өткізгіміз келеді" - Жәния Джуринская

Отандық актриса Жәния Джуринская күйеуі екеуі бір-біріне уақыт таппай жүргенін және бұл тығырықтан шығудың жолын іздеді.

  • 10 Қаңтар 2023
  • 203
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Біз бір-бірімізге уақыт бөлуді қойдық. Данияр күні бойы жұмыста, мен баламен, кейде түсірілімде, жобаларда. Кешкі аста бас қосуға тырысамыз. Бірақ ол бізге аздық етеді. Құшақтасып жатып фильм көріп, бірге уақыт өткізгіміз келеді. Аптасына бір мәрте кездесуге шығатын болып шештік. Екеуіміз ғана болсақ жақсы болар еді. Қалжыңдаймын. Қонақүйге тоқтап, тек екеуіміз демалысқа шығамыз деген шешімге келдік”, – деп жазды актриса.

Жәнияның оқырмандары оның бұл сөзімен келіссе, енді бірі актрисаны қанағатсыз деп айыптады.

“Иә, екі баламен бір-бірімізге уақыт табу қиын”, “Барлығынан шаршайсың. Арасында кездесуге шығып тұру керек”, “Балалы болған соң солай болады”, “Сендердің онсыз да фотосессия мен шетелден қолдарың босамайды ғой. Бізде оның біреуі де болмаған”, “Басқалар үшін мұндай өмір арман ғой”, “Бұ бала қарамаудың сылтау ғой”, “Жәния сен өзінің “ана” екеніңді ұмытып кеттің ғой деймін”, – деп жарыса жазды желідегілер.