Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы бір доллар үшін 464,34 теңге
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 462,77 теңгені құрап, 1,48 теңгеге төмендеді.
Kurs.kz. сайтының мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 462,48 теңгеге, сату — 466,02 теңгеге тең. Ал Астанада АҚШ валютасы 463 -466 теңге аралығында саудаланып жатыр.