Келешегі бар кеніштер қатарында ҮР үкімет басшысы Ракушечное, Оңтүстік Жамбай, Сәтпаев сынды кеніштерді атады.
Осы орайда үкімет басшысы «2003-жылдың аяғында «ЛУКОЙЛ» ААҚ-мен келіссөздер аяқталып, Түпқараған кенішіндегі барлау және өндіру, Аташ кенішіндегі барлау жұмыстарын бірлесе жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылғанын» тағы бір еске салды.
«Қазір осындай келіссөздер «Роснефть» МК» ААҚ-мен арада да жүргізіліп жатыр»,- деді Д.Ахметов. «Тұтастай алғанда, мұнайгаз саласындағы үкіметтің басты мақсаты — мұнай өндіруге қатысты барлық процесстерді пәрмендендіруге саяды». «Бұдан кейінгі орында мұнай және басқа да салалардағы кластерлердің негізін қалау құбылыстары жүзеге асырылуы тиіс»,- деп пайымдайды үкімет басшысы