Елімізде мемлекеттік қолдау шараларының негізгі бөлігін «жасыл қалта» шаралары құрайды. Бұл шаралар ауылшаруашылығы өнімін өндіруге тікелей дотация бөлуді емес, ауылшаруашылығы саласындағы өндірісті дамытуға мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады,- деді А.Есімов.
Министрдің айтуынша, ауылшарашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шарасына бір гектар егістік алқабына шаққанда 12,6 доллар қарастырылған. «Бұл көрсеткіш бірақ мемлекеттік дотация мен бюджеттен бөлінетін несиелік желілерге қамтылмайды»,- деді А.Есімов. «Бұл , әрине, әлемнің дамыған елдеріндегі көрсеткіштен төмен. Дегенмен, бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД көлемінде алдыңғы орындамыз»,- деді ауылшаруашылығы министрі.