"Бестен кем емес адамның шәуіті табылған": Адвокат Айман Омарова әскерде өзіне қол салған сарбазға қатысты тың деректермен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бестен кем емес адамның шәуіті табылған": Адвокат Айман Омарова әскерде өзіне қол салған сарбазға қатысты тың деректермен бөлісті

"Бестен кем емес адамның шәуіті табылған": Адвокат Айман Омарова әскерде өзіне қол салған сарбазға қатысты тың деректермен бөлісті

Адвокат Айман Омарова Жамбыл облысындағы Шөлдала бекетінде өзіне қол салған Мираш Бекбол туралы тағы бір шындықтың бетін ашты.

  • 31 Қаңтар 2023
  • 8143
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Суицид болмауы да мүмкін": Айман Омарова әскерде өзіне қол салған сарбаздың ісін өз қолына алып, тың деректермен бөлісті

"Президентке үндеу!

Бас Әскери прокурордың назарына!

Неге осындай қатыгездік біздің әскерде, қазақ халқында болып жатыр?

Неге? Әлі де болса тоқтатайық.

Біреулер, жалғызынан, біреулер, үмітінен айырылып жатыр…

Жамбыл облысында сарбаз Мираш Б. қайтыс болды.

Тергеу органдарының версиясы бойынша суицид орын алды.

Неге бул істе зорлық жасаған тұлғаларды жауапқа тартпай отыр?

Қандай дәлелдер бар?

Осы, енді ғана 18 ге толған баланың қорланып, зорланып жәбір шеккенін неге құқық қоргау орғандары жасырып отыр.


Сот молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша,

бес тұлғадан кем емес шәуіті табылған, оның үшеуі анықталған.

Анықталған Қ.,А.,К. тұлғаларды тергемей, қамаққа алмай отыр. Тағы басқаларды да табуы керек.

Әкесі және анасы ауырып қалды.

Үш балалы екен: бір қыз, екі үл баласы болған. Біреуі Мираш Бекбол болған.

Енді қызы және Бекболдың мүгедек інісі қалды.

Ата-анасының үмітіде, інісінің қорғауыда Бекбол болады деп отырған.

Енді, жағдай нашар.

Оған қарамастан, құқық қорғау органдары осындай қатыгездік жасап отыр.

Жығылғанға жұдырық деп…

Неге осындай қатыгездікке біздің қазақ балалары барды екен? Неге?", — деп жазды Айман Омарова.