Атырауда 7 жасар ұлын күйеуінің туыстары зорлағанын білген келіншек, өз-өзіне қол жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 7 жасар ұлын күйеуінің туыстары зорлағанын білген келіншек, өз-өзіне қол жұмсаған

Атырауда 7 жасар ұлын күйеуінің туыстары зорлағанын білген келіншек, өз-өзіне қол жұмсаған

Атырауда тағы да қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алды. Анасымен бірге еріп келген балаға күйеуінің туысы сексуалдық зорлық көрсетіп, әйел адам өзіне және баласына жасалған қорлыққа шыдамай, өз-өзіне қол жұмсаған.

  • 2 Ақпан 2023
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп жазады Сaravan.kz. тілшісі.

Қоғам белсендісінің айтуынша, әйел адамның өзімен еріп келген 7 жастағы ұлына күйеуінің туысы азғындық жасап келген.

"Әйел адамның күйеуінің ағасы жеті жастағы ұл балаға сексуалдық сипаттағы қылмыс жасап келген. Айта кетерлігі жеткіншек әйелдің бірінші некесінен туған ұл болған. Оқиғаға қатысты ақпарат әрине адам шошытады, бізге тіпті балаға «көкесі» не істегені туралы бейнежазба да келіп түсті", — дейді "Не Молчи" қоғамдық қоры басшысы.

Сонымен бірге Дина Таңсәрі әйел адам күйеуі мен оның туыстары тарапынан үнемі соққы жығылғанын, олар тіпті оны жүкті кезінде әрі кесір тілігінен кейін ұрып-соққанын алға тартты.

"Осындай қорлыққа шыдамаған әйел тіпті өз-өзіне қол жұмсаған, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алған. Алайда ауруханадан шыққан соң, оны тағы да ұрып-соққан. Кішкентай бала анасына қорқып, болған жайтты ешкімге айтпаған. Алайда анасы өзі күмәндана бастаған. Нәтижесінде ол күйеуінен қашып, полицияға шағымданған", — дейді Дина Таңсәрі.

Бұл ретте құқық қорғаушы аталған істі балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетке, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты ұлттық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына жолдауды сұрап отыр.


Сонымен бірге ол әйел адам психологиялық тұрғыда тапталғанын әрі оған адвокат, психолог пен материалдық қолдау қажеттігін атап өткен.

Аталған мәселе бойынша Caravan.kz тілшісі Атырау облысы полиция департаментіне хабарласып көрді. Осылайша полицейлер аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын, сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

"Атырау облысы полиция департаментіне хабарласқанымызда: « Аталған факті бойынша Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", — деп пікір білдірді олар.