Тәжікстан президенті атқару комитетінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен, ЕурАзЭҚ-қа мүше Тәжікстан, Қазақстан, Беларусь және Ресей тәрізді төрт мемлекет Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге ниет білдіріп отыр. Тараптар сондай-ақ, энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде Тәжікстан мен Қырғызстандағы су энергетикасы қорын пайдалануға бағытталған нақты шаралар туралы мәселе көтермекші.
Мемлекетаралық кеңестің отырысы алдында ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің кезекті 17-отырысы мен Қоғамдастық тұрақты өкілдері комиссиясының жиыны өтеді.
Тәжікстан президенті атқару комитетінен хабарлағанындай, ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің таяуда Мәскеуде өткен отырысында шешімін таппай қалған Ресей мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей теміржол тасымалын қайтадан қалпына келтіру мәселесі қаралмайды деп күтілуде. Жалпы, Душанбе-Мәскеу бағытын қайтадан ашу мәселесі жуық арада оң шешімін таба қоятындай сыңай байқалмайды.